$ 442.05  474.14  4.74

АҚШ-та жоғалған iPhone үшін жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Ньюарк қаласындағы (Калифорния штаты) пиццериялардың бірінде жоғалған телефон үшін жаппай төбелес болды деп жазады Daily Mail.

iPhone смартфонын жоғалтқан бойжеткеннің айтуынша, ол Find My iPhone app мобильді қосымшасы арқылы гаджеттің дәмханада екенін біліп алған. Жанына бірнеше досын ертіп алған қыз ұрыдан телефонын қайтарып алмақ болыпты. Алдымен жай сөзбен сұрап көрдім дейді. Алайда, іште отырғандар дөрекілік танытып, арты төбелеске ұласып кеткен.

Қақтығысқа барлығы 20 шақты адам қатысты. Куәгерлердің бірі бұл сәтті телефонының камерасына түсіріп, видеоны дереу әлеуметтік желілерге жүктеген. Төбелескендердің біразы дене жарақаттарын алды. Оқиға орнына жеткен полицейлер ешкімді қамамай, тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп кетіпті.

Артынша жоғалған iPhone да табылды. Қыздың смартфоны дәл сол дәмхана орналасқан ғимараттың жоғарғы қабатындағы жоғалған заттар бюросында жатқан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары