11.05.2015, 18:00

Елбасын Монако князі II Альбердің құттықтады

II Альбер Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Елдеріміздің арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайту үшін менің қандай күш-жігер жұмсап отырғаным Сізге мәлім. Биік миссияңызды атқару барысында Сіздің барынша табысты болуыңызға деген шынайы тілектестігімді білдіруге рұқсат етіңіз», – делінген жеделхатта.