$ 494.87  520.65  4.91

ҰБТ сұрақтары 25-30 пайызға жаңарды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015 жылы өтетін Ұлттық біріңғай тестілеудің сұрақтары қанша пайызға жаңарғандығын атап өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, тест сұрақтарының жаңаруы пәндерге деген сұранысқа байланысты.

"2009-2014 жылғы тестілеудің нәтижесі көрсеткендей, таңдау пәндерінің арасында ең жиі кездесетіні - физика, биология және география. Сондықтан ҰБТ-2015 барысында физикадан тест сұрақтары - 35 пайызға, ал, биология мен география пәндерінен 30 пайызға жаңартылды" делінген ҚР БҒМ таратқан хабарламада.

Ондағылардың айтуынша, бітіруші түлектер арасында ағылшын тілі, әлем тарихы және химия пәндеріне деген сұраныс өте төмен.

"Сондықтан, 2015 жылғы тестілеу базасында әлем тарихының сұрақтары - 27 пайызға, химия - 21 пайызға және ағылшын тілі - 20 пайызға жаңартылды. Сонымен қатар, неміс және француз тілдері, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті пәндерінің тесттік базасы тек 7-8 пайызға ғана жаңартылды. Өйткені, бұл пәндерді жыл сайын түлектердің тек 2-4 пайызы ғана таңдайды. Ал, міндеттелген пәндер бойынша сұрақтар базасы 25-30 пайызға жаңартылған" дейді министрліктегілер.

Естеріңізге салайық, биылғы ҰБТ науқаны 2-15 маусым аралығында жүргізіледі.

 

Baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары