$ 494.87  520.65  4.91

54 жастағы америкалық соңғы 35 жыл бойы жылқыларды зорлап келген

Өмірінің соңғы 35 жылын жылқылар мен пониларды зорлаумен өткізген америкалық тұрғын қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті. Оның үстінен жануарлардың иелері арызданған болатын деп жазады The Sun.

54 жастағы ер адам өмірінің жартысын осындай азғындықпен өткізгенін өзі де жасырмай айтып отыр. Ол ауылдастарының сарайына ұрлана кіріп, өзіне ұнаған жылқыны зорлауды бозбала кезінен-ақ әдетке айналдырыпты. Тіпті, кейде шаруасын бітіріп болған соң жануарларды аяусыз ұрып тастайды екен. Ауыр соққыдан өліп кеткен жылқылар да болған.

Полицейлерге ең бірінші болып азғынның Висконсин штатындағы көршісі арызданған. Ол өз сарайындағы жылқының құйрығынан қан ағып тұрғанын байқап, бейнебақылау камерасын қарап шығыпты. Адамшошырлық жайтты көргенде ол жылқыны зорлап жатқан ер адамды бірден таныған. Кейінірек анықталғаны, зоофил бұған дейін де бірнеше рет ұсталған екен. Алайда, ол кездері жеңіл құқық бұзушылық деп бағаланып, полицейлер іс қозғаудан бас тартқан. Бұл жолы да сот оны түрмеге қамаудан бас тартып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары