$ 498.34  519.72  4.85

Гурбангулы Бердімұхамедов түркімендердің телеарнадан секс көруіне заңмен тыйым салды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов отандық телеарналардан секс, зорлық және жағымсыз көріністер көрсетуге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл туралы Азаттықтың жергілікті тілшілері мәлімдеп отыр.

Жаңа заң мемлекеттің жағымды образын қалыптастыруды көздейді. Ондағы тармақтардың бірінде жасөспірімдерді олардың ой-өрісіне теріс әсер ететін ақпараттардан қорғау деп жазылған.

Сонымен қатар, аталған құжатта ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында телеарналардан сексті, зорлық-зомбылықты көрсетуге қатаң тыйым салынады. Алайда, заңда "жағымсыз көріністер" деп жазылғанымен, оның нақты қандай көріністер екені көрсетілмепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары