Жаңалықтар 18.01.2018 сағат 09:51

52 адамның өмірін жалмаған автобус өртінің видеосы мен фотосы жарияланды

Бүгін Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, салдарынан 52 адам қайтыс болған еді. Олардың дені Өзбекстан азаматтары. Жантүршігерлік апат болған жерден түсірілген фотолар мен видеоматериалдар әлеуметтік желілерге тарап кетті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айта кетейік, қайғылы апат бүгін таңертеңгі сағат 10:30 шамасында Ырғыз ауданында болған еді. Автобуста барлығы 57 адам болған. Бес адам лаулаған көліктен шығып үлгеріпті. Қалғандары тірідей өртеніп кеткен.

Қазіргі таңда апаттың себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ, мамандар қаза тапқан жандардың тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар