$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған 5 адамның кім екені белгілі болды

Ақтөбе облысында автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге жеткізілді деп жазды Sputniknews.kz.

Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров бар. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі  Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.   

Sputnik Қазақстанға облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу бөлімінің жетекшісі Әсия Тұржанова хабарлағандай, үш адам дін аман, екі адамды жеңіл күйік шалған.   

"Біздің дәрігерлер оларды қарап жатыр, алдын ала мәлімет бойынша, ауруханаға жатқызуға қажеттілік жоқ. Зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілді", — деді Тржанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары