13.05.2015, 18:00

Алматылық оқушылар әскерде болды

Алматыдағы 53975 әскери бөлімінде «Бала санасындағы армия» атты республикалық әскери-патриоттық акция өтті. Аталған іс-шараға Алматы қаласындағы № 115 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Ғабит Рақұлов ұшқыш кәсібі мен Отан қорғаудың маңыздылығы, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерін дамыту барысындағы жетістіктер туралы әңгімелеп берді. Осыдан кейін балаларды бөлімнің тарихымен таныстырып, бөлімдегі тікұшақтар мен ұшақтар көрсетті.

Сонымен қатар, оқушылар АҚ – 74 автоматы және Макаров пистолетімен танысып, атыс даярлығын да көріп қайтты. Бұдан басқа белағашта нормативтерді орындауға ниеті бар оқушылар тапсырманы орындап, нәтижесінде үздік шыққандарға грамоталар табыс етілді.

Бұл акция оқушыларға айтарлықтай әсер қалдырды. № 115 мектептің алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы майор Нәби Кемалов 53975 әскери бөлімікөптен бері әскери қамқорлық тұрғысындағы қатынастарымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Дәл осындай кездесулердің қорытындысында көптеген оқушылар өз тағдырын армия авиациясымен байланыстыру туралы шешем қабылдары анық.

Іс-шараның соңында 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдуллаев жастарға Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пеноқу үлгеріміне сәттіліктіледі. Бөлімнің ұшу құрамын оқыту үдерісінде патриоттық тәрбие маңызды рөл атқаратынын авиаторлар атап өтті.