Көпті шулатқан шымкенттік тойдағы 59 млн теңге тұратын торттың бағасы желіде біраз талқыға түскен болатын. Продюсер Жан Мұқанов Ләйлә Сұлтанқызына тәттінің шамамен қанша тұратынын айтып берді.
«Бағасына қарап ел көтеріліп кетті негізі. Бағасын жазған мен емес. Бағасы көп дегенде – 30 мың доллар болатын шығар», – деген продюсер тойдың расында беделді адамдар өткізгенін жасырмады.
«Үйлену тойы болған жігіттің әке-шешесі, атасы, апасы әйгілі адамдар. Жағдайлары бар. Осындай той жасамаса енді қандай той жасайды. Немересі ғой», – деді ол.
Айта кетейік, шымкенттік олигархтар әулетіндегі үйлену тойына арнайы тапсырыспен дайындалған торттың диаметрі – 3 метр, биіктігі – 4,2. Салмағы – 1500 келі.
Көпшілік торттың 59 млн теңге тұратынын естіп, біраз шулаған болатын.
Кештің басты хиті – торт пен боксшы Генадий Головкин болған.