$ 443.85  474.3  4.8

Бұл алдау емес, сатқындық: Жан Мұқанов Төреғали жайлы бар шындықты айтып берді

The Эфир бағдарламасының басында жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Төреғали Төреәлі жайлы сұрақ болмасын деп алдын ала келісіп алғандарын айтты. Бірақ сонда да продюсерге әншімен қазіргі қарым-қатынасын жайлы әңгімелеуін өтінді.

Жан Мұқановтың музыкалық продюсер ретінде Төреғали Төреәлімен жасаған жобалары әйгілі. Бірақ Мұқанов әншінің жеткен жетістіктерін көтере алмай, «жұлдыз» ауруына шалдыққанын айтады.

«Меніңше бұл алдау емес, сатқындық сияқты. Ол былай істемеуі керек еді. Ол біледі менің қанша жүгіргенімді. Әрбір жобасында қаншама адам жұмыс істеді. Көтеру керк еді. Көтере алмады. Негізі жұлдыз ауруы дейді ғой», – деп әзірге кешіре қоймағанын жеткізді.
Мұқанов кезінде Төреғалиді туған інісіндей көріпті. «Жақынының» опасыздығынан сан соғып қалған продюсер енді артистермен жақын араласпайтынын кесіп айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары