$ 494.87  520.65  4.91

Дональд Трамп әйелінің көзіне шөп салды деп айыпталуда

Америкалық журналист, жуырда басылып шыққан «Fire and Fury: Inside the Trump White House» кітабының авторы Майкл Вольф АҚШ президенті Дональд Трампты әйелі Меланидің көзіне шөп салып жүр деп айыптады. Мұндай мәлімдемесін ол Media ITE телеарнасына берген сұхбаты барысында жасады.

Аталған телеарна тілшісі журналистен «өз кітабыңызда бұрын америкалықтарға белгісіз болып келген деректер кездесе ме?» деп сұрақ қойған болатын. Вольф болса кездесетінін, алайда нақты не туралы екенін әзірге айтпайтынын жеткізді. «Бұл кітапта бір дерек бар, мен оның расымен де болғанына сенімдімін. Алайда, дерек әлі дүз пайыздық дәлелін тапқан жоқ» деп жауап берді кітап авторы.

Осы сәтте сұхбат алушы журналист дерек деп отырғаны Трамптың көңілдесі ме деп қайта сұрақ қойып еді, Вольф оған «иә» деп қысқа қайырды. Оның айтуынша, АҚШ президенті қазірдің өзінде өз әйелінің көзіне шөп салып жүрген көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары