$ 446.49  475.38  4.79

Қонақ үй иесі блогерлерге: «Жарнамаларың ешкімге қажеті жоқ, жұрт қатарлы ақша төлеп үйреніңдер»

Дублиндегі (Ирландия) қонақ үй басшысы британдық блогер қызды көпшіліктің алдында масқаралады. Эль Дарби есімді бойжеткен қонақ үйден бірнеше күнге тегін бөлме сұрапты. Ақысына ол аталған орталықты өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тегін жарнамалайтынын айтқан.

Бойжеткеннің YouTube-каналында 87 мың көрермені, Instagram-парақшасында 76 мың фолловері бар. Алайда, қонақ үй иесі Пол Стенсон қыздың бұл ұсыныс-хатын Facebook әлеуметтік желісіне көшіріп салып, блогердің өзін сынап тастады.

«Егер мен сіздің видеоңыз үшін сізді қонақ үйге тегін жатқызсам, сізге қызмет ететін жұмысшыларға қандай ақша төлеймін? Бәлкім оларға айтармын, сендер көрсеткен қызметтерің үшін ақы алмайсыңдар, есесіне сендерді блогер видеоға түсіреді деп? Жоқ. Мен ешқандай блогермен әріптестік орнатпаймын. Сендердің жарнамаларың ешкімге қажет емес, жұрт секілді жұмыс істеп, ақшаны маңдай термен тауып үйреніңдер және жұрт қатарлы ақша төлеп үйреніңдер» — деп жазды ирландиялық кәсіпкер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары