$ 494.87  520.65  4.91

Үндістанда ауылдың төбесінен адамның нәжісі жауды

Үндістанның Гургаон қалысының іргесінде орналасқан ауыл тұрғындары аспаннан жауған адам нәжісін алғашында иметеорит деп ойлап қалыпты. Алайда, оқиға орнына жеткен полицейлер мұның ұшақтан төгілген нәжіс екенін анықтады деп жазады The Indian Express.

Аса биіктен жерге жетемін дегенше нәжіс мұзға айналып, қатты зат күйінде жауған. Ең ірісінің салмағы 10 килограмм. Қатты болғандықтан ауылдықтар оларды аспан денелері деп ойлап, тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Ал, полицейлер оқиға орнына жеткенде мұз еріп, жағымсыз иіс бүкіл ауылды алып кеткен.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері Үндістанның авиакомпанияларына ұшақтан адам нәжістерін жерге төгуге тыйым салынған болатын. Өйткені, бұған дейін де елде осы тектес бірнеше оқиға тіркелген. Артынша тұрғындар шағымданып, әуе компанияларына ірі көлемде айыппұлдар салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары