$ 494.87  520.65  4.91

Аузым бар деп балағат сөздер айту дұрыс емес: Талғат Жорабаев Төреғалимен арадағы кикілжіңді алғаш рет ашық айтты

Әнші Талғат Жорабаев осыдан біраз уақыт бұрын «Төреғалидің ағасымын» деп өзіне телефон соғып, балағат сөз айтқан адам жайлы ашық сұқбат берді деп мәлімдейді «Ел аузында» бағдарламасы.

Есте болса, желтоқсан айының соңында өзін Базарбаймын деп таныстырған ер азаматтың Талғат Жорабаевқа телефон арқылы қоқан-лоқы көрсеткенін жариялаған болатынбыз. Кейін Талғаттың өзі бұл іспен құқық қорғаушылардың өзі айналысып жатқанын мәлімдеген еді.

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Бірақ, бұл бәрімізге сабақ болды деп ойлаймын. Сондайды жасамау керекпіз. Кейінгі келе жатқан жастарымызға үлгі болу керекпіз. Көшенің әңгімесін сахнаға шығармауымыз керек. Біз мәдениетттің пұшпағын илеп жүргендіктен, мәдениеттің өкілі болғандықтан халық бізге қарап бой түзейді. Бала-шағаларын біздер секілді киіндіргісі келеді, ел алдында жүрген кісілер секілді болса екен деп ниеттенеді», – дейді әнші.

Осылай дей келе Жорабаев өнер адамдарын көпшілікке үлгі болуға шақырды. Сондай-ақ ол осыдан біраз уақыт бұрын желіде таралып кеткен өзіне бейәдеп сөз айтқан аудио жайлы да сөз етті.

«Болды, иә. Таралып кеткендіктен ұстай алмай қалдық. Таратайын деп таратқан жоқпын. Әпкем: "Талғат сол жазбаны алып тастай салшы" деді. Сондықтан әпкеме: "Алтынай тыңдап көрші, мына кісілер осылай деп жатыр. Ары қарай өз ойыңды айтасың" дедім. Сонымен Алтынай тыңдап, қатты ашуланып отырып, құрбысына жіберіп қойыпты. Солай таралып кетті. Ұстай алмай қалдық. Енді ол нәрсені қазбалай берудің қажет жоқ сияқты. Аллаға тапсырдым. Бұл сөз ойланған, есті адамға үлкен философия. Біздің қолымыздан ештеңе келмейді. Сондықтан, бұл үлкен сөз. "Жабулы қазан жабулы" болсын. Аузым бар екен деп, ондай сөздерді айту қажеті жоқ сияқты. Кім болса о болсын. "Атағың айға жетіп тұрса да, Алланың алдында дәрменсіз құл екеніңді ұмытпа" дейді ғой. Аузым бар деп балағат сөздер айту дұрыс емес. Сондықтан адам тіліне, мәдениетіне сақ болуы керек", – деді әнші.

Еске салайық, Павлодардағы концерті кезінде көрермендердің бірін балағаттаған Төреғалиді көпшілік сын астына алған болатын. Тіпті, бірқатар отандық радиолар оның әндерін эфирден де алдырып тастады. Ал, Павлодар облысының әкімдігі бұдан кейін Төреғали Төреәліні концерттерге шақырмайтынын ресми мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары