$ 449.58  486.94  4.86

Синоптиктер алдағы 3 тәулікте күннің қазіргіден де қатты суытатынын болжап отыр

Қара теңіз арқылы қалыптасқан үлкен және өте суық антициклон Қазақстанның оңтүстік-шығыс бағытына көшуді жалғастыруда. Бұл антициклоннан туындаған арктикалық суықтық республиканың солтүстік және шығыс аймақтарының тұрғындарына сезіле бастады деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.

Келесі үш тәулікте орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарда аяз күшейеді. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі температура 40-45 градусқа, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді, бұл климаттық нормадан қарағанда 10-18 градусқа суық болады дейді синоптиктер.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дауыл ескертуі 26 қаңтарға дейін сақталады. Өмір және денсаулық қауіпcіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғындарға қысқы уақытта табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар болған жағдайда ҚР ТЖМ ұсынымдарымен таныс болған жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары