$ 494.87  520.65  4.91

Астанада 40-тан асқан ер азамат сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Астанадағы «Керуен» ойын-сауық орталығында шамамен 40-ты алқымдаған ер азамат сүйіктісіне тізерлеп тұрып, үйленуге ұсыныс жасады.

Оқиғаны орталықта жүрген жастар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Куәгерлердің бірі sn.kz тілшісіне сұхбат беріп, бұл қызықты оқиғаның 20 қаңтар күні «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында болғанын айтты. Күтпеген жерден қол ұстасып келе жатқан жұп көпшілік назарын өздеріне аударыпты.

Видеода ер азаматтың: «Мен оны жақсы көремін. Бұл сәтті 15 жыл бойы күттім» деген сөзі анық естіледі.

Ал, әйел адам ұсынысты қабыл алғанда сол жерде жиналған астаналықтар оларға ерекше қошемет көрсетті. Тіпті, араларында тойға асаба болуға ықылас танытқандар да табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары