$ 474.72  515.17  5.58

Астаналық волонтерлар аялдамаларда ыстық шай таратып жүр

«Астана Жастары» КММ Жастар ресурстық орталығы кәсіпкерлермен бірлесіп қайырымдылық акциясын ұйымдастырды деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жастар орталығының еріктілері қаланы аралай отырып, аялдамаларда тұрған қала тұрғындарына ыстық шай таратуда.

«Қазір Астанада ауа райы қатты суық. Аяз күшейіп тұр. Аяздың сезілуі минус 50. Біз аялдамаларда автобус күтіп тұрған тұрғындарды жылыту үшін осындай акция бастадық. Қаламыздың тұрғындарына біздің еріктілерден ыстық шай алып ішіп, аз да болса бойын жылытуға болады», деді «Астана Жастары» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шыңғыс Тілеулин.

Акция апта аяғына дейін жалғасады. Еріктілер ықтық шай таратудан бөлек, таңда және кешке адамдарды баратын жеріне жеткізіп салумен де айналысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары