Шымкентте Жібек жолы көшесінің бойында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ішкі істер департаменті Шұғыл басқару орталығының мамандары көшедегі бейнебақылау камерасынан сағат 10:50 шамасында автобустың тұтанғанын байқап қалған және тез арада өрт сөндірушілерді шақырған. Оқиға орнына сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің экипажы да жетіп, өртті сөндіруге көмектесіпті.
Кейінірек анықталғандай, 22-бағытта қатынайтын қытайлық «Шаулинь» автобусы жүріп келе жатып тұтанған екен. Сол сәтте автобус салонында екі жолаушы мен жүргізуші және кондуктор болған. Жараланғандар жоқ. Тек автобус иесіне айтарлықтай материалдық шығын келді.