Қытайда iPhone смартфонына арнап жасалған сапасыз батарея клиенттің аузында жарылып кетті. Жас жігіт құрбысымен бірге аталған құрылғыны көріп, тексеру үшін тістеп көрген болатын.
Жігіт батареяны тістеп, аузынан шығарғаны сол еді, алдымен жарық сәуле пайда болып, кейін қуатты жарылыс болды. Жігіт пен қыздан бөлек жақын маңда тағы үш адам тұрған. Сәтін салғанда, олардың ешқайсысы жараланбады.
Айта кетейік, смартфондардың жарылуы соңғы уақытта жиілеп кеткен. Тіпті, Қазақстанда да гаджеттерден зардап шеккендер бар. Ал, биыл қаңтар айының басында Швейцариядағы Apple Store дүкенінде жаңа iPhone өртеніп, 50-ге жақын адам ғимараттан шығарылған еді.