$ 447.4  477.55  4.76

180 мың теңге үшін зорлап, азаптап өлтірді: ОҚО-да тағы бір бойжеткен такси жүргізушісінің құрбаны болды

Бұл жолы жантүршігерлік қылмыс Түркістан қаласында болды. Такси жүргізушісі 180 мың теңгеге бола 24 жастағы қызды аяусыз өлтірген. Ізін жасыру үшін ол мәйітті қала іргесіндегі Достық ауылына апарып тығып тастапты.

Күдіктіні ұстауға оның ашкөздігі себеп болды дейді полицейлер. Ер азамат мәйітті жасырғанымен оның ұялы телефонынан да пайда тапқысы келіп, қаладағы «қара базарға» апарып сатып жіберген. Тәртіп сақшылары смартфонның IMEI коды арқылы іздеп тауып, күдіктіні қолға түсірді. Бойжеткен 11 қаңтар күні із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Марқұм Айгерімнің туыстары 11 қаңтар күні оны банкоматтан ақша әкелуге жұмсаған екен. Банк карточкасының ішінде 180 мың теңге болған.

«Такси жүргізушісі оның банкоматтан ақша шешіп жатқанын кездейсоқ көріп қалып, оны ақысына үйіне дейін апарып тастауға көндірген. Алайда, қаланың шетіне апарып, көлікте күте тұруын өтінген де, артынан келіп тап беріпті», - дейді қыздың туыстары.

Олардың айтуынша, қандықол қылмыскер Айгерімді өлтірместен бұрын оны зорлап, кейін азаптап өлтірген. Әбден ұрғанының іздері де бар. Өлгеніне көзі жеткеннен кейін Достық ауылының маңына апарып жасырып кеткен.

Полицейлер жоғалған қызды екі апта бойы іздеді. Ал, осыдан бірер күн бұрын оның ұялы телефоны іске қосылыпты. Дереу телефон арқылы ізге түскен тәртіп сақшылары смартфонның жаңа иесін ұстаған. Алайда, ол телефонды қолдан сатып алғанын, сатқан адамды суретке түсіріп алғанын айтқан. Осы сурет арқылы полицейлер такси жүргізушісін ұстады.

«Мен оның жауыздығынан жағамды ұстадым. Бізді мәйітті тануға шақырды. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Беті жоқ деп айтуға болады. Қызым 11 қаңтар күні жоғалған болатын, арада қаншама күн өтті. Тану мүмкін емес. Бірақ, қызымды зорлап, азаптап өлтіргені анық көрініп тұр. Денесінде іздері қалған. Мен жауызды үш бап бойынша соттасын деп талап етемін: ұрлау, зорлау және адам өлтіру. Ол өзінің жауыздығы үшін лайықты жазалануын талап етемін», - дейді марқұмның әкесі Жақсылық Жұмабаев.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеліп жатыр. Ол қыздың дегнесін қай жерге жасырып қойғанын өзі көрсеткен.

ФОТО: otyrar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары