$ 444.32  473.33  4.76

Екі аяқпен ғана туылған бұзау адамша жүруді үйреніп алды (ВИДЕО)

Индонезияда небәрі екі аяқпен туылған бұзау адам секілді жүруді үйреніп алды. Жергілікті тұрғындар ерекше төлді видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы бөлісуде.

Видеороликте бұзаудың ауыл ішін аралап жүргенін көруге болады. Әрине, жануар болғандықтан оған артқы екі аяқпен жүру оңайға түспейді. Десе де, сиырдың төлі бір жерде жата бермей, әрекетін жасап жүр. Оның үстіне, ауыл тұрғындары да бұзауға көмектесіп, оның құлап қалмауын және жараланбауын қадағалайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары жануарға жаны ашып, оның жанын қинамауды жазып жатыр. Бірі малды сойып алу керек десе, екіншілері аяқты алмастыратын арнайы аппарат жасап беру керектігін айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары