$ 486.65  524.46  5.05

Есіктің саңлауынан досына ішімдік берген жігіт желіні шулатты (ВИДЕО)

Есіктің саңлауынан түтікшемен ішімдік пен темекі жіберген жігіт желіні шулатты.

Видео Facebook-парақшасында жарияланды. Онда есіктің сыртындағы жігіт ар жақтағы ер адамға түтікше арқылы алдымен арақты, кейін сыраны жібереді. Үйдің ішіндегісі ішімдікті ыдысқа толтырып алып отырады. Кейін сыртта тұрған жігіт саңылау арқылы темекісін де береді.

Желідегілер ер адамды ішімдікке салынған соң «келіншегі қамап тастаған» деп болжап жатыр. Ал, «жәрдем» беруге келген жігіт досы болуы мүмкін.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары