Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналған, себебі тұрмыстық қиын жағдайға душар болған балалардың саны әлі де азаймай отыр.
2015 жылдың 12-14 мамыр аралығында Қарағанды-Сұрыптау ст. Ішкі істер желілік басқармасының қызмет ету аумағында кең көлемді «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы болып өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу және ескерту, кәмелеттік жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде қараусыз жүру фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шараға Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ-ның жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Сондай-ақ, оған жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, Темір жол мемемелерінің және «Нұр Отан» ХДП өкілдері тартылды.
Шараның алғашқы күні-ақ Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ қызметкерлері полиция бөлімшелеріне кәмелетке толмаған 3 жасөспірімді жеткізді. Көлік полицейлері жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінде әкімшілік құқық бұзушылықтың 2 фактісін анықтады. Олар қоғамдық орындарда ішімдік ішуге қатысты және кәмелетке толмағандардың кешкі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерісіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүруіне қатысты деректер.
Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ әкімшілік полиция қызметкерлері теміржолға жақын орналасқан оқу орындары мен оқу-тәрбие кешендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.