$ 498.34  519.72  4.85

Оралда әкімнің ұлы полицейдің баласын атып кетті

Қайғылы оқиға Орал қаласында жексенбі күні 21 қаңтарда болған. Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының бұрыңғы әкімі Қайырғали Имашевтің үйінде облыстық ішкі істер департамент басшысы орынбасарының баласы жараланған. Алайда, ІІД әлі күнге дейін ресми ақпарат бермей отыр деп жазады Ratel.kz.

Баспасөз мәлімдемесі даярланып жатыр деп БҚО прокуратурасыда журналисттердің сауалына жауап қатпай отыр. Ішкі істер департаменті оқушының қарудан жараланғанын жасырмайды. Жуық арада брифинг өткізетіндерін айтады.

Әзірге белгілісі БҚО ІІД бастығының орынбасары Ержан Ерғариннің 14 жастағы ұлы оқтан ауыр жарақат алған. Алдын ала белгілі болғандай Имашевтың ұлы әкесінің мылтығымен байқамай досын атып алған. Оқ мойынға тиген. Ол кезде үйде ересек адамдар болмапты.

Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Басқарма басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғали БАҚ-қа 14 жастағы жасөспірімнің жансақтау бөліміне түскенін хабарлады. Қазір оқушының жағдайы өте ауыр. Нейрохирургтар оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Соңғы жарты жылдың ішінде абайсыздықтан от қарудан мектеп оқушылары дене жарақатын осымен екінші рет алып отыр. Қазан айында 13 жасар Владимир Машкин мезгілсіз қайтыс болған болатын. Марқұм қала сыртындағы Деркүл ауылында өзен маңындағы демалыста жазатайым оққа ұшқан. Оқушылар қаруды үйлерінен жасырын алып шыққан еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары