$ 447.4  477.55  4.76

Өзбекстандық шенеунік Ақтөбеде өртеніп кеткен өзбек жұмысшыларының өздерін кінәлады

Өзбекстанның Ферғана облысы Ақтөбедегі автобус апатынан мерт болғандардың отбасына көмек берген. Облыс басшысы шетке жұмыс іздеп кететін жастар мен "оларды шетке жіберетін" ата-аналарын кінәлады деп жазады Азаттық.

Өзбекстанның Ферғана облысы хокимі (әкімі) Шухрат Ганиев Қазақстанның Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза тапқандардың отбасыларына "көмек көрсеттік" деп бұлданды. Шымкент-Самара тас жолы бойында өртенген автобуста мерт болған 52 өзбекстандықтың 16-сы Ферғана облысы Ташлак ауданында тұрған.

Шухрат Ганиев Қазақстанның трагедиядан кейін өткен селекторлық жиналыста "Ташлақ тұрғындары, біліп қойыңыздар! Облысымыздың байғұс тұрғындары 80 миллион сумды тағы да қайырымдылыққа беруге мәжбүр болды. Әр отбасына бес миллион сумнан бердік. Мен мұны жазғыру үшін айтып отырған жоқпын" деп мәлімдеді.

Әкімнің жиында сөйлеген сөзі жазылған аудио әлеуметтік желілерде тарап кетті. Жиналыста хоким Шухрат Ганиев Ташлак ауданы тұрғындарын "бүкіл Ферғана облысын масқаралады" деп айыптады.

– 20-22 жастағы жігіттердің жұмыс іздеп кетуі тыйыла ма, жоқ па? Әке-шешелері не бітіріп отыр? Өздері не, саңырау ма? Енді бәріне учаскелік инспектор байғұсты кінәлап жатыр. Ал махалла (жергілікті өзін өзі басқару органы-ред) қайда қарап отыр? – дейді Шухрат Ганиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары