Желіде «Алтын белгі» төсбелгісі сатылымға шығарылды. Алматы тұрғыны оны интернет арқылы 500 мың теңгеге сатып жатыр.
Хабарландыру желіге 25 қаңтар күні түнгі сағат 12-ден 45 кеткенде жүктелген. Онда геолокация Алматы облысы Алатау ауданы деп көрсетіліп тұр.
Ал, Білім және ғылым министрлігі болса «Алтын белгі» төсбелгісін сатуға тыйымның салынбағанын айтады. Яғни, аталған медаль сертификатпен бірге нақты бір адамға ғана берілген. Оны өзге адам тек сувенир ретінде ғана пайдалана алады. Сондықтан, «Алтын белгіні» нумизматтар үшін расымен де қызығушылық тудыруы мүмкін.