14.05.2015, 18:00

Астанада аттракциондар саябағы ашылды

Жаз маусымының келуімен Астаналық саябақ қала тұрғындарының ең қалаулы демалыс орнына айналады. Мұнда барлық жастағы қала тұрғындары үшін түрлі бос уақытын қызықты өткізуге жағдайлар жасалған. Астана қаласының Коммуналдық меншік қоры көктем-жаз маусымдарында Астаналық саябақта адамдардың демалыс уақыттарын тиімді өткізуін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда саябақта отбасылық үш аттракцион, балаларға арналған үш аттракцион және «Диірмен» атты экстремалды аттракцион жұмыс істейді. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталмыш саябақ аумағында амфитеатр құрылысының жүріп жатқанын байқауға болады.

Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы бойынша «Астана - Көгалдандыру» АҚ саябақ аумағында құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруда. Қайта жөндеу жұмыстары кезінде саябақтағы барлық қоғамдық тамақтану орындары алынып тасталды. Ал саябақ аумағындағы «Демалыс» дәмханасының әкімшілігі бекітілген нобай бойынша жаңа ғимарат салып жатыр.