Еске салайық, Өзбекстанның Ферғана облысында 11 айлық нәрестенің денесіне 16 дана ине кіріп кеткен және сол инелермен бала 1 айға жуық уақыт азаптанып жатыпты. Қаңтардың 21-і күні балаға операция жасалған еді.
Жедел медициналық көмек көрсетудің ғылыми республикалық орталығының өкілдері денесінен 16 ине шыққан сәбидің өлімі жайлы мәліметті жоққа шығарды деп жазады NUZ.UZ.
Осыған дейін өзінің Facebook-парақшасына Өзбекстандағы Демократия және адам құқығы институтының директоры Сайера Ходжаева сәбидің бақилық болғанын жазып еді. Алайда сәбидің өлімі жайлы мәлімет расталмады. Жедел медициналық көмек көрсетудің ғылыми республикалық орталығы NUZ.UZ тілшісіне сәбидің тірі екенін және жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.
Дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Жағдайы бұрынғыдай ауыр.