Сирияда соғысып жүрген «Хайат Тахрир-аш-Шам» лаңкестік ұйымы мен «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымдарының содырлары бір-бірімен соғысып жатыр. Әлеуметтік желіде лаңкестердің бірін бірі атқылап, танкпен мыжып өлтіріп жатқан видеосы пайда болды.
Видео «Хайат Тахрир-аш-Шам» ұйымының Хама және Идлиб провинцияларындағы ДАИШ позициясына жасаған шабуылы кезінде түсірілген. Әуеден түсірілген кадрларда бронетехниканың адамдарды қуып жүріп басып жатқаны анық көрінеді.
Айта кетейік, 24 қаңтар күні «Хайат Тахрир-аш-Шам» содырлары Абу Духур авиабазасын Сирия әскерилеріне алдырып қойғандарын мойындаған еді. Кескілескен соғыста жеңілуінің басты себебін олар ДАИШ лаңкестерінің билік жаққа көмектескенімен түсіндірді.