$ 498.34  519.72  4.85

Жезөкшелер үйінің тым көп болуынан Бангкок толығымен су астына кетуі мүмкін

Бангкок қаласындағы бордельдер санының тым артып кетуінен шаһар 2030 жылы толықтай су астына кетуі мүмкін. Мұндағы жезөкшелер массаж залдары үшін жерасты суларын заңсыз пайдаланады екен. Ал, қала теңіз деңгейінен төмен орналасқандықтан ертелі-кеш ол су астына кетеді деп жазады The Sun басылымы.

Арнайы жүргізілген рейдтен кейін белгілі болғаны, бордель иелері суға ақша төлемес үшін жерасты суларын пайдалануды әдетке айналдырған екен. Сондай-ақ, рейд барысында жезөкшелікпен айналысып жүрген мектеп оқушылары ұсталған және жезөкшелерден пара алатын билік өкілдерінің қолдарына кісен салыныпты.

Соңғы уақытта жаһандық жылыну салдарынан Тайландты қоршап тұрған су деңгейі айтарлықтай көтерілген екен. Оның үстіне ел астанасы жерасты суларын көптеп пайдалану салдарынан бірнеше жылда 10 сантиметрге шөгіпті. Жағдайды енді қолға алмаса қаланың бір бөлігі жақын уақытта толығымен су астына кетеді.

Айта кетейік, Тайландта бордельдер саны аса көп болса да, елде жезөкшелік заңдастырылмаған. Бордель иелері жергілікті билік өкілдеріне пара беріп, өз кәсіптерін еш кедергісіз жүргізе береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары