$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда «103» нөміріне соғылған қоңырау Ақтауға түсіп кетіп жатыр

Атырауда мобильдік телефоннан «103» жедел жәрдем қызметіне хабарласпақ болғандардың қоңырауы Маңғыстау облысының Ақтау қаласына түсіп кетіп жатыр деп жазады «ҚазАқпарат».

«103» қызметін шақыруға байланысты туындаған мәселеге байланысты облыстық байланыс пен автоматизация инспекциясына, «Қазақтелеком» АҚ мен «Кселл» АҚ-на туындаған жағдайды ретке келтіру бойынша хат жолданды. 

«Маңғыстау облысы Ақтау қаласының жедел медициналық қызметінің қалалық инстанциясының бас дәрігерімен сөйлесіп, жұмыс келісілді. Атырау халқынан түскен әр қоңырау бойынша Атыраудағы диспетчерлік қызметке ақпарат берілетін болады. Осылайша, хабарласқан адамға қайта қоңырау шалып, мекенжай анықталып, шақыру себебі пысықталатын болады», - деп хабарлады «Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі станциясы» КМҚК баспасөз қызметінен.

Аталған мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар есінен танып қалған жігітке көмектесу үшін жедел жәрдем қызметін шақыруда қалай әуреге түскендерін жазуда. Шалған қоңырауларына Маңғыстау облысының диспетчерлері жауап берген. Желідегі пікірлерге сүйенсек, мұндай мәселенің байқалғанына біршама уақыт болып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары