Алматыда Райымбек даңғылы мен Коунрадская көшесінің қиылысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, болжам бойынша ақ түсті Honda маркалы автокөлік батыс бағытта Райымбек даңғылының бойында келе жатқан. Жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінен он метрдей жерде ер адам көлік алдынан жүгіріп өтіп болыпты. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, жүргіншіні қағып кетті.
Ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер жүргізушіні іздестіріп жатыр.