$ 498.34  519.72  4.85

Араққа тойып алған әке 10 айлық қызын терезеден лақтырып жіберді

Якутияда спирттік ішімдікке тойып алған ер азамат өзінің 10 айлық қызын екінші қабаттан лақтырып жіберді. Сәбидің жағдайы аса ауыр деп хабарлады Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Оқиға Сунтар ауданында болған. Жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына әдеттегідей көлікпен емес, санавиациямен келген. Нәрестені олар Якутск қаласына жеткізеді.

«НВК Саха» порталының хабарлауынша, 10 айлық қыз бала жәбірленген. Оның бас сүйегі мен миы қатты зақымданыпты. Дәрігерлер қазір оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары