Жоғалудың сәл алдында тұрған Шығыс пумасы жер бетінен мәңгілікке жойылып кетті. Жабайы жануарлар мен аң-құстарды тіркейтін АҚШ-тың федералды тізімінен аталған жыртқыш сызылып тасталды деп жазады РИА Новости.
АҚШ-тың Балық қоры мен жабайы жануарларын қорғау қызметі ғылыми және коммерциялық ақпаратқа сүйене отырып, Шығыс пумасын жер бетінен мәңгілікке жойылған жыртқыштардың қатарына қосты. Бұл шешім заңдастырылып та үлгерген. Заң күшіне 2018 жылдың 22 ақпанында күшіне енеді.
Аталған жыртқышты америкалық ғалымдар 1938 жылдан бері бақылауға алған екен. Ол кезде табиғатта аз болса да кездесетін дейді олар. Бертін келе мүлдем ізі де қалмапты. Яғни, жер бетінен популяциясы жоғалды деп айтуға толықтай негіз бар.