29.01.2018, 07:49

"Нағыз қатын болдым": Ләйлә Сұлтанқызы желіге өзінің қандай екенін айтып тастады

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көпті «қатын» деген сөзден қашпауға шақырды. Осы ретте ол өзін де нағыз «қатын» деп атып, бүтін әйел баласын осы атқа лайық болуға үндеді.

«Бүгін демалыс болып, нағыз қатын болдым. Иә, несі бар, кәдімгі "қатын". Біз ұят көреміз, ал бұл әдеби сөз. Біреулер жүр ғой, қалай қатын боларын білмей армандап, енді біреулер қатын болып алып "жәмән қатын" деген атаққа қалып”, – деп бастады сөзін ол.

«Шымкентте әпшем тұрады. Әкемнің қарындасы. Жездем қазір бір алыс жақта. Әпшем «сағындым» дейді. «Арасында шешеден боқтап қоятын кездерін сағындым, оның қонағын күтуді сағындым, қонақтардың алдына қоятын ауқатты сағындым, қамыр жаюды сағындым, аяғының иісін сағындым, оның ашуын сағындым, вөбщем бар жақсы жаман мінезін сағындым» дейді... Міне, сағыныштың түрлері. Жездем келеді, енді аз қалды... Келгенде осының бәрін айтып беремін, қатынының нені сағынғанын», – деді Ләйлі Сұлтанқызы өзінің telegram-каналына.

«Қатын» сөзін көбіміз дөрекі әрі басынғандық түрінде қабылдап, оны теріс түсінеміз. «Қатын «байырғы қазақ тілінде «құтым» (бағым, ырысым) деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимляциялануы барысында «құтым» сөзі «қатынға» ауысыпты. Сондай-ақ, бұл сөз байырғы түсінікте «ханым» деген мәнге де де болған.