Сирияның Абу Духур деп аталатын әскери әуе базасының маңынан лаңкестердің қолынан қаза тапқан сарбаздардың мүрделері табылды. Мәйіттерді қазып алу жұмыстарын жергілікті журналистер бейнекамераға түсіріп, телеарналар арқылы көрсетуде деп жазады Al-Masdar News.
Сирия әскерилері адамдардың жаппай жерленген 3 моласын тапты. Олардан 45 мүрде шыққан. Жалпы, лаңкестер 71 сарбазды азаптап өлтіріп, осы жерге жерлегендігі туралы бұған дейін де белгілі болған екен.
Қазіргі таңда сүйектердің барлығы Хам қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Онда олардың кім болғандығын анықталып, кейін туыстарына береді.
Айта кетейік, Абу Духур әуе базасын 2015 жылы «Хайат Тахрир аш-Шам» лаңкестік ұйымы басып алған болатын. Былтыр жыл соңынан бері әскерилер лаңкестерді ығыстырып, базаны өз қолдарына алды.