$ 498.34  519.72  4.85

Жығылғанға жұдырық: Бішкекте қақаған аязда тұрғындар жылусыз қалды

Бішкекте 26 қаңтарда Жылу электр орталығында (ЖЭО) апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. Жылумен бірге ыстық су да берілмеді. Пәтерлерде температура 14-15 градусқа дейін түскен деп мәлімдеді Азаттық тілшілері.

Көптеген аурухана мен емхана дәрігерлері емделу бөлмелерінің суықтығынан ауыр сырқаттарды қабылдамады. Перзентхана мен жедел жәрдем бөлімшелеріне электрлі жылыту құрылғылары жеткізілді.

27 қарашада ЖЭО-ға температура жүйесін тұрақтандыратын қосымша қазанагрегатты іске қосқан болатын. Бірақ ол да жарылып кеткен.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Сапар Исаковпен ЖЭО апатын талқылап, апаттың себебін зерттеуді тапсырды. Ол сонымен бірге қала тұрғындарына қатты аязда "сабырлық танытып жатқаны үшін" алғысын жеткізді.

Бішкекте Жылу электр орталығын модернизациялау 2014-2017 жылдары жүрген. Екі жаңа қазандық салу үшін 386 млн доллар бөлінген. Құрылыс жұмыстарын қытай компаниясы жүргізген. Алайда ЖЭО қатты аязға төзе алмады.

Соңғы кездері Бішкекте түнде ауа темпепатурасы - 25-30 градусқа дейін жетті. Қырғызгидрометтің болжамы бойынша, қатты аяз 30 қаңтарға дейін сақталады. ​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары