$ 498.34  519.72  4.85

Иқан тұрғыны Сталин ескерткішін қайта қалпына келтіруге ниетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Иқан ауылының тұрғындары қалпына келтірген Сталиннің ескерткіші бір аптаға жетпей қайта сынды. Белгісіз біреу ескерткіштің басын балтамен қиратып кеткен.

 Иқан тұрғыны Маслахат Бабаев informburo.kz тілшісіне сағат таңғы алтыларда ескерткішті сынған күйде тапқанын айтты.

“Біз белгісіз біреу ескерткіштің басын жерге қойып, балтамен бірнеше рет соққан деп ойлаймыз. Бұл сағат түнгі бір мен таңғы алты арасында болған. Өткен жылы ескерткішті жел қиратқан болатын. Алайда, бұл жел емес, біреудің тапсырмасымен орындалған қасақана қирату деген ойдамыз”, – деді Маслахат Бабаев.

Иқандықтар ескерткіштің орналасқан жерін заңгерлердің кеңесіне жүгініп заңдастыруға үмітті. Олар “Сталиннің” басын қайта қалпына келтіруге таныс мүсіншілерін шақыртпақшы.

Естеріңізге салсақ, мамырдың басында Оңтүстік Қазақстан облысының Ескі Иқан ауылы тұрғындары Сталиннің қираған ескерткішін өз күштерімен қайта жөндеп, орнатқаны хабарланған болатын.

 

Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары