$ 444.22  476.38  4.82

Ақтауда «Қазақстан дауысы» жобасының үшінші маусымның іріктеу кезеңі басталды

«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Қазақстан дауысы» атты танымал музыкалық жобасы еліміздің талантты ұл-қыздарын мегажобаның үшінші маусымында бақ сынауға шақырады! Іріктеу шаралары еліміздің батысы мен шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде өтеді.

Бүгін айтулы шара Ақтау қаласынан басталды (2 ықшам аудандағы «Ақтау» қонақ үйі). Келесі іріктеу кезең 21 мамырда Семей қаласындағы Б.Момышұлы көшесі, 43 мекен-жайы бойынша орналасқан Қалалық мәдениет үйінде өтеді.

Астана қаласындағы іріктеу кезең 23 мамырда Абай к. 47, «Ramada plaza» қонақүйінің ғимаратында, Алматы қаласында 28-29 мамырда Әл-Фараби даңғылы, 176 мекен-жайында орналасқан «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өткізіледі.

Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.

Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады.

Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады. Таланты мен тәлімгерден алған білімінің арқасында алға озған үміткер жеңімпаз атанары сөзсіз.

Бұл жоба The Voice of Holland (Нидерланды) немесе «Голос» түпнұсқалық форматының қазақстандық нұсқасы 2013 жылдың жазында басталды. «Қазақстан Дауысы» жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы - Қостанай облысының тумасы 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет. Орындаушының тәлімгері - Нұрлан Албан. Көрермендердің таңдауы бойынша, «Қазақстан дауысы» танымал музыкалық жобаның екінші маусымының жеңімпазы атағына және 5 млн теңгеге Алмас Кішкенбаевтың тобындағы Бауыржан Ретбаев ие болды.

«Қазақстан Дауысы» 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - барлық қатысушыларды тыңдау арқылы әділқазылардың әрқайсысы төрт топ құрады. Екінші кезеңде әр түрлі топтардың мүшелерінен құралған жұптық сайыс өткізіледі. Үшінші кезеңде жеңімпаздарды халық SMS-дауыс беру арқылы анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары