$ 498.34  519.72  4.85

Саудияда ұсталған ханзадалардың бәрі қамаудан босатылды

Сауд Арабиясында жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталып, 5 жұлдызды қонақ үйге қамалған ханзадалар мен ірі шенеуніктердің бәрі босатылды деп жазады Reuters. Тергеу кезінде күдіктілердің бәрі әдеттегідей абақтыға емес, Эр-Рияд қаласындағы Ritz Carlton қонақ үйіне жабылғанын айта кетейік.

Ал, бұеған дейін қызмет көрсету аясы шектелген қонақ үй алдағы күндерден бастап жұмысын әдеттегі режимде жалғастыратын болады. Ел билігі келтірілген шығынды өтейді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ең соңғы болып бостандыққа Saudi Bunladin компаниясының басшысы Бакр бин Ладен мен оның туыстары шыққан екен.

Еске салайық, 2017 жылдың 5 қарашасында тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд ханзада басқаратын Жемқорлыққа қарсы ұлттық комитет 11 ханзада мен ондаған министрді ұстаған болатын. Оларға жемқорлыққа қатысты түрлі айыптар тағылды. Ал, 22 қаңтар күні ел билігі ұсталғандардың барлығын босатуға дайын екенін, алайда олар алдымен қазынаға барлығы жабылып 100 миллиард доллар қайтарулары керектігін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары