Алматы - Қорғас тас жолында ірі жол көлік оқиғасы болды. Жүк көлігіне соқтығысқан жеңіл автокөлік тұтастай өртеніп кеткен, оның жүргізушісі қайтыс болды.
Оқиғаны сол маңдағы куәгерлер видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы роликті таратуда. Ал, полицейлер болса әлі ешқандай мәлімет бермеді.
Видеокадрлардан байқағанымыздай, жеңіл автокөлік жүк көлігінің артынан соққан. Салдарынан тіркеуіш пен шағын автомобиль өртеніп кетті. Жүргізуші соққыдан қайтыс болды ма, әлде өртеніп кетті ме, ол жағы белгісіз.