$ 444.22  476.38  4.82

Астанадағы ірі базарлардың бірі өртенді (ВИДЕО)

30 қаңтар күні кешке Астанадағы автобөлшектер сататын "Сәлем" базарында өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген видеоматериалдарды куәгерлердің бірі Facebook әлеуметтік желісіндегі "Жұрттың баласы" деген топқа жүктеген.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов базардың өртенгенін растап отыр.

"30 қаңтар күні кешкі сағат ондар шамасында "Авангард" ЖШС-нің аумағында контейнерлерден жасалған сауда орындары өртенді. Онда автомобиль майлары мен қосалқы бөлшектері сақталған. 28 өрт сөндірушінің көмегімен сағат 22:49-да өрт ауыздықталды. Тілсіз жау 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Жараланғандар мен құрбандар жоқ. Өртті сөндіруге 7 техника жұмылдырылды. 23:40-та толықтай сөндірілді", - дейді Руслан Иманқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары