Үндістанның Уттар-Прадеш штатында әйелдерге ерлер футболын қарауына тыйым салынды деп жазады The Times of India.
Исламда жігіттің әуретті жерін көру күнә. Осы орайда қыз-келіншектерді көз зинасынан қору мақсатында ислам әлемі акамедиялық орталықтарының муфтиі Атар Касми әйелдердің футбол көруіне тиым салды.
«Намыстарыңыз қайда? Әйелдеріңізге қалай футбол көрсетесіздер? Онда еркектердің жалаңаш саны көрінеді. Соны қарап отыру үшін тамашалай ма?», – деп ол ерлер қауымын сөкті.
Десе де, мұсылман әйелдердің құқығын қорғайтын қоғам белсенділері муфтидің бұл мәлімдемесіне келіспейтіндерін ашық айтып отыр.
«Бұл дегеніміз әйелдер мүлде спорт қарамасын дегені ме сонда?», – деді олар.