Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Литва Республикасының Премьер-Министрі Альгирдас Буткевичюс кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізді.
Тараптар екі елдер арасындағы ынтымақтастықты, сонымен бірге күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
«Сіздің және делегацияларыңыздың бұл сапары біздің елдеріміз бен халқымыз арасындағы өзара байланыстарды кеңейтіп, тереңдете түсуге зор мүмкіндік беретіндігіне сенімім мол», - деді Қазақстан Үкіметінің басшысы литвалық әріптесіне қарата.
Өз кезегінде Альгирдас Буткевичюс Қазақстанды Литваның маңызды серіктесі ретінде санайтындығын ерекше апат өтті.
«Қазақстан - бұл Орталық Азиядағы маңызды серіктесіміз. Біздерді өте жақсы саяси, экономикалық және мәдени байланыстар байланыстыруда. Біз екіжақты форматта жақсы әңгіме өткіздік. Мен бүгін сізден Астанада кездескеніме қуаныштымын. Елдеріңізге шақырғандарыңыз үшін ризашылығым шексіз», - деді Литва Үкіметінің басшысы.
Сонымен қатар ол Қазақстан халқын Қазақ хандығының жылдық мерейтойымен де құттықтап өтті.
«Осы сәтті пайдалана отырып, барша Қазақстан халқын бірқатар маңызды мерекелерімен құттықтаймын. Олар: ҚР Констиуциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы. Менің шынайы құттықтауым мен сіздің еліңізге деген жылы лебізімді қабыл алыңыз. Мен осыған дейін біздер талқылаған ауқымды жобалардың жүзеге асырылуына тілектеспін», - деп қосты Альгирдас Буткевичюс.
Айта кетерлігі, кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің қорытындысында Қазақстан мен Литва Үкіметтері арасында бірқатар құжаттарға қол қойылмақ.