$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық ардагерлер «Соғыс ардагерлерінің достығы пойызы фашизмді дәріптеуге қарсы» акциясына қатысады

Теміржолшы-ардагерлер Көптілеу Ізбасов пен Төлеген Жүнісов мамырдың 20-23 күндері Достық пойызымен Мәскеу-Минск-Брест-Мәскеу бағдарына қатысады деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Достық пойызы Мәскеудің Белорусь вокзалынан Ұлы Отан соғысы жылдары әскерлердің майданға аттанып, 1945 жылы 9 - мамырда жеңімпаз болып оралған жерінен жолға шығады. Ардагерлер Минскідегі Жеңіс мұражайында және «Брест батыр қамалы» мемориальдық кешенінде болады. Белоруссия астанасында ардагерлерді Достастыққа қатысушы елдердің темір жол көлігі әкімшіліктері Кеңесінің 62 отырысына қатысып жатқан темір жол әкімшіліктерінің басшылары қарсы алады.

85 жастағы Көптілеу Ізбасов 1943 жылы жол монтері болып еңбек жолын бастады. Одан кейін пойыз машинисінің көмекшісі, Шалқар локомотив депосында машинист болып жұмыс жасады. Тыл еңбеккері, еңбек ардагері.

91-дегі Төлеген Жүнісов ақсақал Украина, Румыния, Венгрия, Чехословакияны фащистік басқыншылардан азат етуге қатысты. Жеңісті Берлинде қарсы алды. Майдандастарының Рейхстагқа ту тіккендерін мақтаныш етеді. Отан соғысы ордендерімен, бірқатар медальдермен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары