$ 443.85  474.3  4.8

Дәрігерлер Астанадағы жыныс мүшесінен айрылған жігіт туралы: секс болады, бала болмайды

Астанада 36 жастағы әйелдің  қызғаныштан сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп алғаны жайлы ақпаратты БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр.  Осы орайда дәрігерлер жігіттің денсаулығы жайлы тың ақпараттармен бөлісті деп жазады Время. 

Дәрігерлер жігіттің алдағы уақытта жыныстық қатынасқа түсе алатынын айтты.

“Егер ер адамның жұмыртқасы болмаса, онда бала да болмайды. Себебі, сперматозоид жұмыртқадан пайда болады. Десе де жыныстық қатынасқа түсуге бұл кедергі бола алмайды. Тек оның мүшесінде гормонды өзгерістер болады. Яғни оның ағзасы әйел адамға ұқсай бастайды. Семіздікке шалдығып, иммунитеті әлсірейді. Осының алдын алу үшін гармон ауыстыру терапеясынан өтуі керек. Немесе жұмытқасын ауыстыруға да болады. Мұндай операция әлемде 1980 жылдан бері жасалып келеді. Бірақ, біздің елде мұндай науқастар әлі кездескен жоқ”, – деді “Ерлер денсаулығы” ассоциациясының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, уролог-дәрігер Болат Шәлекенов.

Айта кетейік, 37 жастағы астаналық әйел 21 қаңтар күні жігітін әдейі үйіне шақырып, ұйықтататын дәрі беріп, жыныс мүшесін кесіп тастаған. Оған сүйіктісінің басқа біреумен телефонмен сөйлескені себеп болыпты. Қызғаныштан қылмысқа барған қыз ер адамды көлігімен ауруханаға өзі апарып, сол жерде тұтқындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары