Жаңалықтар 01.02.2018 сағат 03:32

Қақаған қыста қарағандылық бір отбасы далада қалды

Қарағандыда моншадан шыққан өрт үйді де шарпып, соның салдарынан қыс ортасынан төрт адамнан тұратын отбасы мүшелері баспанасыз қалды деп жазады «ҚазАқпарат».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Көз алдымызда бүкіл дүние-мүлкіміз жанып кетті. Көзды ашып жұмғанда баспанасыз қалдық», - дейді Елена Матвеева. Оның айтуынша өрт түнгі 2-00-дер шамасында шыққан.

«Күйеуім бәрімізді оятты. Далаға іш киммен жүгіріп шықтық. Тіпті құжаттарымызды да алып үлгермедік. Жиған-тергеніміз, барлық құжаттарымыз түгел жанып кетті», - дейді ол.

Қазір өрттен зардап шеккен отбасы көршінің үйінде тұрып жатыр. Үйді қалпына келтіруге қаржылары жоқ. Маңайдағы көршілер қолда бар көмектерін аямай, жылу жинау үстінде.

Бұл отбасыға бюджеттен де қаржы қарастырылмаған. Себебі резервтік қордың көмегі тек су тасқыны, үйдің құлауы сияқты табиғи апаттардан зардап шегушілерге ғана беріледі. Ал бұл өрт кәдімгі абайсыздықтан болған оқиға ретінде табиғи апаттар қатарына жатпайтын көрінеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар