$ 446.49  475.38  4.79

Ресейде теракт жасамақ болған лаңкестің көзін жойып, видеосын интернетке жариялады (ВИДЕО)

Ресейдің Нижний Новгород қаласында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының өкілі өлтірілді. Ол Ресей президентін сайлау күні теракт жасамақ болған.

Содырдың көзін жою операциясын арнайы жасақ видеоға түсіріп, кадрларды БАҚ өкілдеріне таратқан. Артынша видеоматериал бүкіл интернетті шарлап кетті.

Құқық қорғаушылар лаңкесті тірідей ұстамақ болып, оның берілуін талап еткен екен. Алайда, ол қарулы қарсылық көрсетіп, сарбаздардың өзіне оқ атқан. Артынша арнайы жасақ өкілдері оны атып алды. Лаңкестің үйінен қолдан жасалған жарылғыш заттар, жарылғыш зат дайындайтын құралдар және тапанша, оқ-дәрілер табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары