Мәскеу-Волгоград рейсінің A320 ұшағында ұялы телефонның қуаттағышы жарылып, ұшақ өртене жаздады деп жазады Vesti.ru.
Ұшақ жерге қонып, жолаушылар сыртқа шыққалы жатқанда салон іші көк түтінге оранған. Тілсіз жау дер кезінде өрт сөндіргіш құралдары мен бөтелкедегі су арқылы өшірілген.
Әзірге жолаушылар арасында зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.