Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төрт ай ішінде мемлекет қазынаға 168,3 млрд. теңгеден астам қаржы түсірді.
Кеден және салық қызметінің басты міндеттерінің бірі – үкімет қазынасын толтыру. Маңғыстау облысының органы бұл міндетті сәтті орындауда. Қазынаға түскен салық пен түсімдер ұдайы артып жатыр. Нәтиже бойынша департамент ағымдағы жылдың төрт айында мемлекеттік бюджетке 168,3 млрд. теңге сомасында салық пен төлемдер түсірді (оның ішінде: ұлттық қорға – 69,1 млрд., республикалық бюджетке 64,4 млрд., жергілікті бюджетке 34,7 млрд.).
Сандарға көз салсақ, 2014 жылы бюджетке жиналған салық пен түсімдер көлемі триллион теңгені құрап, 2013 жылдың көрсеткішін 64,4 млрд. теңгеге асырды. Биылғы жылы да бұл оң серпінділік сақталмақ.
Х.ОРЫНБАЙҚЫЗЫ